logo

«Отбасымен бейнеқоңырау» жобалық сервис аясында, мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарымен бейнеқоңырау арқылы байланыс


«Отбасымен бейнеқоңырау» жобалық сервис аясында, мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарымен бейнеқоңырау арқылы байланыс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіндегі мерзімді әскери қызметшілер «Отбасымен бейнеқоңырау» жобалық сервис аясында, ата-аналарымен жақын туысқандарымен бейне және телефон арқылы әр апта сайын үнемі хабарласуда.

Сарбаздар ата-аналарымен аптасына 4 рет хабарласуға шығады, соның ішінде  (2 рет – жұмыс күндері, 2 рет – демалыс алды, демалыс күндері) – ғаламтор желісі арқылы өрістетілген абоненттік пунктін (компьютер, ноутбук) пайдалана отырып тұрақты қолдануда.

Сарбаздар ата-аналарымен бенеқоңырауға байланысқа шығу арқылы әскер қатарында қызмет ету барысында жауынгерлік әзірлікке, оқу-жаттығуларын және командирлері мен бастықтарының қойылған бұйрықтарын орындау негізінде моральдық-психологиялық жай-күйіне маңызды рөлін атқаруда.

Сонымен қатар, сарбаздардың ата-аналары ұлдарының мыңдаған шақырым үйден алыс жүріп, өз Отанына қызмет етіп, әскери борышын Ұлттық қорғаныс университетінде өтеп жүргеніне, үнемі телефон және бейнеқоңырау байланысымен жай-күйін көріп, ғаламтор жілісі арқылы хабарласуға берілген мүмкіндіктерге шексіз ризашылығын білдіруде.

Отбасымен бейнеқонырау видеоролигіне сілтеме: https://youtu.be/oZgWguHwuGM