Оқу-әдістемелік басқармасы

Оқу-әдістемелік басқарма (бұдан әрі – ОӘБ) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі-Университет) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды (бұдан әрі-оқу үдерісі) жүзеге асыратын оқу және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Құрылымы

Оқу-әдістемелік басқармасы:
– оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау бөлімі (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру);
– әскери оқу орындарының әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау бөлімі;
– оқыту құралдарын ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі;
– оқу әдебиеті кітапханасы.

Негізгі міндеттер

1) оқу үдерісін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша оқу құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру;
2) оқу процесінің барлық элементтерін уақытылы және сапалы өткізу, жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша міндеттерді тиімді орындау.

Функциялары

1) басқа басқармалармен, бөлімдермен, факультеттермен және кафедралармен бірлесіп оқу жоспарларын (жұмыс оқу жоспарларын), оқу бағдарламаларын, оқу сабақтарының кестелерін және оқу-тәрбие процесін жоспарлау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу;
2) университетте әдістемелік жұмыс жүйесін басқару және үйлестіру;
3) білім алушылардың үлгерімін есепке алу және талдау, оқу сабақтарын бақылау, магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасын және оқыту тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар;
4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;
5) университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
6) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығаруды жоспарлау және ұйымдастыру;
7) қабылдау емтихандарын, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, бітіру құжаттарын дайындау және оны беруді есепке алу;
8) оқытушылар құрамының оқу жүктемесін орындауын бақылау;
9) университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен оқу-әдістемелік жиындарды ұйымдастыру және өткізу;
10) оқытушылар қызметінің рейтингісіне талдау жүргізу;
11) материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен бірлесіп оқу-материалдық базаны дамыту және жетілдіру жоспарларын әзірлеуге қатысу;
12) оқу кітапханасының қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
13) ұйымдастыру техникасы мен техникалық оқыту құралдарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.