Диссертациялық кеңес

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің диссертациялық кеңесі туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген диссертациялық Кеңес туралы Үлгілік ережеге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген ғылыми дәрежелер беру қағидаларына сәйкес әзірленді.

Диссертациялық кеңес – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғайтын университет жанындағы алқалы орган. Университетте диссертациялық кеңес дербес құрылады.

Диссертациялық кеңестер университет докторантурасының кадрларын (мамандықтарын) даярлаудың тиісті бағыттары бойынша күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады:

1) 8d12101 – Әскери өнер;

2) 8d12102 – Әскери тарих;

3) 8d12103 – Қару-жарақ және әскери техника.

Функциялары

Диссертациялық кеңестің функциялары:

1) диссертация қорғауға құжаттар қабылдау;

2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;

3) докторанттың көшіріліп алынған материалды авторға және көшірілінген көзіне сілтеме жасамай пайдалануына (плагиат) диссертацияны тексеру үшін диссертациялық кеңес мүшелері қатарынан комиссия (бұдан әрі – диссертациялық кеңес комиссиясы) құру;

4) көпшілік алдында диссертация қорғауды жүргізу;

5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) объективті, толық және анық мәліметтер береді;

2) диссертацияны қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

3) ғылыми этиканы бұзу фактілеріне ден қояды;

4) шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірдің, Тараптардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың ықпалынан еркін болса;

5) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;

6) қызмет процесінде кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми консультанттардың және ресми рецензенттердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер, айыптаулар қолданбайды.