logo

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

«И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы етiп қайта құру туралы»

Бiлiктi офицер кадрларын даярлау жүйесiн жетiлдiру мен әскери ғылымның дамуы үшiн жағдай жасау мақсатында қаулы етемiн:

  1. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы болып қайта құрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери академиясының негiзгi мiндеттерi:
    1. жоғары әскери, жоғары әскери-арнаулы бiлiмi бар офицер кадрларын даярлау;
    2. офицер құрамын қайта даярлау мен жетiлдiру;
    3. әскери ғылыми-педагог кадрларын даярлау болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
11 ақпан 1997 жыл, Алматы қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

«Әскери білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
  Әскери білім жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
    1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы» мемлекеттік мекемесі «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
21 тамыз 2003 жыл, Астана қаласы