Құрлық әскерлері факультетінің әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасы

Құрлық әскерлері факультетінің әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасының бастығы, әскери ғылымдарының кандидаты

полковник

Паньков Сергей Владимирович

Жалпыәскери штабтар қызметінің әскерлерді басқару кафедрасы «Әскери істегі Менеджмент», «Әскери істегі Логистика» және «әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс»мамандықтары бойынша мамандар даярлау үшін университеттің негізгі оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Магистратураның төменде аталған мамандықтары бойынша әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасы әскери кадрларды даярлауға қатысады:
– «7М 12101 – Әскери істегі менеджмент», «7М 12102 – Ұлттық ұланның әскери істегі менеджменті», «7М 12103 – Әскери істегі логистика», «7М 12104 – Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс», «7М 12109 – Әскери істегі киберқауіпсіздік және ақпарат қауіпсіздігі жүйелері» и «7М 12111 – Әскери істегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және экология».

Кафедра қызметі:

  1. Қарулы Күштеріне кәсіби білікті және жоғары білімдері мен дағдыларымен жоғары мамандырылған мамандарды дайындау мақсатымен, жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмыстың өткізуін ұйымдастырады.
  2. Әскерлерді басқару саласында әскери теорияның дамуына бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау, әскерлерді жоғарылату;
  3.  Оқу процесін қамтамасыз ету үшін оқу басылымдарды (оқулықтарды, оқу-әдістемелік) құралдарды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерді), оқу-әдістемелік және ғылыми  мәліметтерді  дайындап және басып шығару.
  4. Оқу-әдістемелік басқармасымен, университе кафедраларымен бірлесе отырып оқу бағдарламаларды, жұмыс оқу жоспарларын, мамандарды даярлауға құрылымдық-қисындық сызбаларды және оқу сабақтардың кестелерін әзірлеуге қатысу.

Кафедраның негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының және ҰҚШҰ елдерінің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицер кадрларын даярлау мақсатында оқу жұмысын жоғары әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
2. Білім алушылардың жеке басын жан-жақты және үйлесімді дамытуға қатысу, олардың әскери-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
3. Әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
4. ПОҚ біліктілігін арттыру;
5. Оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
6. Кафедраның оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару.

Оқу пәндері:
— әскерлерді басқару жәнежалпыәскери штабтар қызметі;
— операцияларда байланысты ұйымдастыру;
— ұрыстағы байланыс;
— жауынгерлік ісқымылдарды модельдеу негіздері;
— геоақпараттық жүйелер.