Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің тылдық қамтамасыз ету кафедрасы

Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің тылдық қамтамасыз ету кафедрасының бастығы, доктор (PhD),

полковник

Жакашев Алмаз Кажибаевич

«Тылдық қамтамасыз ету кафедрасы» тылдық қамтамасыз ету офицерлерін жоғары әскери білімімен, оперативтік-тактикалық деңгейде дайындау мақсатында 2004 жылы құрылған. 2014 жылы ҰҚУ ҰШҚ өзгерту барысында  таратып жіберілді. 2019 жылы факультет құрамына қайта енгізілді.

Кафедраның негізгі тапсырмалары:
1) магистратураның «7М12102-Әскери істегі логистика» (біліктілігі «Тылдық қамтамасыз етуді басқару») мамандығына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
2) магистратураның басқа мамандықтарына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары және ҰҚШҰ елдері үшін офицерлік кадрларды дайындау мақсатында сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
4) әскери мәдениеттің дамуына бағытталған кафедраға байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
5) оқытушылар құрамы мен тылдық қамтамасыз ету мамандарының біліктілігін арттыру;
6) оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
7) кафедра қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын дайындау және басып шығару.