Құрлық әскерлері факультеті

Құрлық әскерлері факультетінің бастығы, философия докторы (PhD)

полковник

Жусупов Эрнест Валентинович

Жалпы әскери факультет мамандығы бойынша магистратура бағдарламаларын іске асырады:
«Әскери істегі Менеджмент» келесі мамандандыру бойынша:
– «Мотоатқыштар (танк) және десанттық-шабуылдау әскерлерінің жедел-тактикалық құрамалары мен бөлімдерін басқару»;
– «Зымыран әскерлері мен артиллерияның жедел-тактикалық құрамалары мен бөлімдерін басқару»;
– «Инженерлік әскерлерді жедел-тактикалық басқару»;
– «Әскерлерді жедел-тактикалық радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды басқару»;
– «Жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты басқару».
Б. Момышұлы атындағы жалпы әскери факультетінің құрылымы:
1) факультет басқармасы:
– факультет бастығы;
– факультет бастығының орынбасары;
– факультеттің аға офицері.
2) факультет кафедралары:
– жедел өнер және тактика кафедрасы;
– әскерлерді басқару және жалпы әскери штабтар қызметі кафедрасы;
– зымыран әскерлері және артиллерия кафедрасы;

– күнделікті әскерлер қызметі кафедрасы.

1-ші, 2-ші курстың оқу топтары «Әскери істегі Менеджмент»мамандығы бойынша оқиды.

Факультет қызметінің басты мақсаты-әк түрлерінің жедел-тактикалық (тактикалық) құрамаларын (бөлімдерін), әскер тектерін және арнаулы әскерлерді әртүрлі буындарда және мемлекеттік және арнаулы талаптарға сәйкес келетін, жеткілікті құзыреттерге ие, олардың деңгейі тиісті міндеттерді шешу және басқару үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдануға қабілетті жоғары білікті әскери кадрларды даярлау болып табылады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың сауатты мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету.

Факультеттің негізгі міндеттері :
– әскери кадрларды даярлаудың заманауи үрдістері мен талаптарына жауап беретін жоғары кәсіби деңгейде факультеттің бағыттары мен мамандықтары бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты іске асыру;
– жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті, құзыретті мамандарға және факультет бейіні бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру;
– кәсіптік білім беруді Қарулы Күштердің өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімдеуге ықпал ететін заманауи технологияларды, оқыту әдістері мен әдістемелерін, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сынақтан өткізу және енгізу;
– университеттің ғылыми әлеуетін, тиімді менеджмент жүйесін интеграциялау және оқытудың жаңа, сапалы жетілдірілген технологиялары, әдістері мен нысандарын қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу негізінде білім беру процесін ұдайы жетілдіру;
– факультет бағыты бойынша және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
– әскери кадрларды оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу және пайдалану;
– кәсіби-құзыретті тұлғаны, кәсіби міндеттерді өз бетінше және шығармашылықпен шеше алатын, жаңа ғылыми идеяларды қабылдай алатын және жаңа технологиялардың жолсерігі бола алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
– тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
– әскери кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.

Факультеттің негізгі функциялары:
– факультеттегі магистранттардың оқу қызметінің жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру; – магистранттардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау;
– оқу топтарын қалыптастыру, бірінші курсқа қабылдау және курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау;
– сабақ кестесін, емтихандар мен сынақтар кестесін жасауға қатысу, олардың сапасы мен орындалу барысын бақылау;
– мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік кешендердің әзірленуін ұйымдастыру және бақылау;
– факультет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және үнемі жетілдіру;
– факультет магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
– факультет магистранттарының жеке жұмыс жоспарларының орындалуын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау;
– университеттің қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
– факультеттің оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелері бойынша құжаттаманы жүргізу және есепті деректерін, сондай-ақ факультет мамандықтарын аттестаттау үшін қажетті құжаттаманы дайындау;
– оқу сабақтарын өткізу кезінде магистранттар мен профессор-оқытушылар құрамының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу және шаралар қабылдау.