Біліктілікті арттыру

Әскери кадрлардың біліктілік деңгейін үздіксіз арттыру және қайта даярлау мақсатында 2008 жылдан бастап ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде қосымша әскери білім беру жүйесі енгізілді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • басқарудың жедел-стратегиялық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • басқарудың жедел-тактикалық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • басқарудың тактикалық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

Біліктілікті арттыруды кім жүзеге асырады?

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы:

  1. офицерлік құрамды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында (факультеттерінде), әскерде, ұқсас әскери оқу орындарында, мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және азаматтық министрліктер мен ведомстволардың кәсіпорындары мен ұйымдарында тағылымдамадан өту кезінде, сондай-ақ әскерлердің оқу – жаттығуларында, қару-жарақ пен әскери техниканы сынауларда, кәсіби даярлау жүйесінде-әскери қызметші оқытушылар;
  2. Қарулы Күштердің оқытушы-қызметшілері – азаматтық министрліктер мен ведомстволар мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің оқу орындарында (бөлімшелерінде), жетекші жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде тағылымдамадан өтуде.