2023 жылғы 15 ақпанда Ұлттық қорғаныс университетінде Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Бұл күні біз өз шаңырағынан жырақта жүріп, Отанымыздың мүддесін қорғап, ауыр сынақтарды абыроймен атқарған барлық жанды еске аламыз.
Интернационалист-жауынгерлердің ерлігі, жанқиярлығы, қызметке адалдығы, күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығы халық жадында мәңгі сақталады.
Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді ұлықтау рәсіміне №88 мектеп -гимназиясының оқушылары, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.