logo

Интернационалист-жауынгерлерді ұлықтау


Интернационалист-жауынгерлерді ұлықтау

2023 жылғы 15 ақпанда Ұлттық қорғаныс университетінде Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.  

Бұл күні біз өз шаңырағынан жырақта жүріп,  Отанымыздың мүддесін қорғап, ауыр сынақтарды абыроймен атқарған барлық жанды еске аламыз.

Интернационалист-жауынгерлердің ерлігі, жанқиярлығы, қызметке адалдығы, күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығы халық жадында мәңгі сақталады.

Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді ұлықтау рәсіміне №88 мектеп -гимназиясының оқушылары, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.