logo

Балалық шақтың маңызды мерекесі


<strong>Балалық шақтың маңызды мерекесі</strong>

Міне, көптен күткен демалыс және керемет көңіл-күй уақыты – жаз мезгілі де келіп жетті. Балалық шақтың маңызды мерекесі халықаралық «Балаларды қорғау күні» мейрамы Ұлттық қорғаныс университетінде де аталып өтті.  

Жүзден астам әскери қызметшілер мен қызметкерлердің бүлдіршіндері университеттің спорт қалашығында жиналып, түрлі сайыстар мен жарыстарға қатысты. Мерекелік іс-шара барысында балалар ойнады, би биледі, ұйымшыл түрде флешмоб орындады.  

Спорттық жарыстар да толы болды. Онда балалар жүгіріп, секіріп қана қоймай, тапқырлық пен ептілікті танытып, командада жұмыс істей білу, ұжымшылдық сезімін көрсете білді.

«Дене мүшелерімен билеу» байқауы балалар үшін басты және есте қаларлықтай болды. Ертегі кейіпкерлері бастаған үш команда дененің жеке бөліктерімен би билеу сайысына қатысты.

Мерекенің аяқталу барысында әр бір балаға кішігірім тосын сый – сыйлық, мультфильм кейіпкерлерінің жапсырмасы бар түрлі түсті балмұздақ табысталды.