Жалпыәскери факультетінің Әскерлердің күнделікті қызметін басқару кафедрасы

Әскерлердің күнделікті қызметін басқару кафедрасының бастығы

полковник

Зеленков Валерий Викторович

Әскерлердің күнделікті қызметін басқару кафедрасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен 2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Б.Момышұлы атындағы жалпыәскери факультеті негізінде құрылды.

Кафедраның арналу мақсаты

  1. Офицерлерді жауынгерлік әзірлік шараларын ұйымдастыру және жоспарлау бойынша даярлау; жауынгерлік даярлық, басқарушы кадрлар мен әскери басқару органдарын даярлау; әскерлер қызметі мен диверсияға қарсы қауіпсіздікті; әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау; қаржылық-шаруашылық қызметті; қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстау, сақтау және күтім жасау реті; қызметтік ісжүргізу және әскерлердің күнделікті өмірін ұйымдастыруға байланысты басқа да ісшараларды орындау.
  2. Кафедра профилі бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
  3. Офицерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Кафедраның міндеттері

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес кәсіптік білімі, ептілігі мен дағдысы бар мамандарды теориялық және практикалық даярлауды ұйымдастыру.
  2. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру.
  3. Оқу үдерісін ұйымдастыру және қажетті құжаттама, материалдар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
  4. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарларға сәйкес кафедраның қызметін жүзеге асыру.
  5. Магистранттарды ғылыми зерттеулер мен инновацияларды орындауға қатыстыру.
  6. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу.

Кафедра функциялары

  1. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және басқа да жұмыс түрлерін қамтитын кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру.
  2. Университет ғалымдары жеткен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісінде пайдалану.
  3. Кафедраның оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру: пәндердің оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік кешендерін, оқулықтар, оқу құралдарын, материалдар, пәндерді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ ағымдағы, аралық және білім берудің барлық нысандары бойынша білімді қорытынды бақылау материалдарын әзірлеу.
  4. Кафедраның пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу, олардың сапалы өткізілуін қамтамасыз ету.
  5. Оқутылушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын оқытудың заманауи технологиялары мен нысандарын әзілеу және пайдалану.
  6. Магистранттардың магистрлік жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және басқару.
  7. Бағыты мен пәні кафедра профиліне сәйкес келетін және оқытылатын пәндердің теориялық және практикалық сұрақтарын одан әрі дамыту тұрғысынан келешегі зор ғылыми зерттеулер жүргізу.
  8. Кафедра профилі бойынша диссертацияларды, зерттеу жұмыстарын талқылау және рецензиялау және олар бойынша қорытындылар дайындау.
  9. Кәсіби қызметті өз бетінше және сауатты жүзеге асыра алатын, шешім қабылдай алатын және іске асыратын маманды қалыптастыру.

Оқытылатын пәндер

1) «Әскерлердің күнделікті қызметін басқару».

2) «Жауынгерлік даярлық негіздері».

3) «Басқару органдарын даярлау негіздері».