Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасы

Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының бастығы

полковник

Кожахметов Кайнарбек Балтабаевич

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Әуе қорғанысы және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі  факультетінің ақпарат қауіпсіздігі кафедрасы 2017 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешіміне сәйкес құрылды. Осы жылы алғаш рет  магистранттар қабылданды.

Магистранттарды даярлау «Әскери істегі киберқауіпсіздік және ақпарат қауіпсіздігі жүйелері» мамандығы бойынша жүзеге асырылады. Оқыту түрі  күндізгі.

Кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық және жедел-тактикалық әскери басқару органдарының мемлекеттік құпиялары мен ақпараттық қауіпсіздігін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша тиісті білімі мен дағдылары бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  1. Әскерлер қызметінің кез келген жағдайында мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі саласында қажетті білімі, іскерлігі, дағдылары бар білікті мамандарды даярлау.
  2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат (кибер) қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу.
  3. Әскери оқу орындарының оқу қызметінде пайдалану үшін мамандандырылған оқу және оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеу және шығару жөніндегі іс-шараларды үйлестіру.