logo

Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрінің сапармен келуі


28.3.24

Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрінің сапармен келуі

      2024 жылғы 28 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен танысу сапарымен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келіп кетті.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекші әскери ғылыми-білім беру орталығына бару шеңберінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор Ш.-Х. Жазықбаев Тәжікстен Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысымен бірге болды.

    Генерал – майор А. Мустабеков университетіміз, екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастыққа үлесін қосатынын атап кетті. 2005 жылдан бері Тәжікстанның Қарулы күштері үшін университетпен магистратура бағдарламасы бойынша 90 офицер дайындалып шығарылды.

    Сапар барысында қонақтарға презентация және университеттің  оқу-материалдық базасы ұсынылды.