Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде 2022 жылғы 18 желтоқсаны әскери –ғылыми взводының жас сарбаздарының салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Әскери – ғылыми взводына жоғары білімі бар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында заман талабына сай мамандықтары бойынша білім алған жастар іріктеп алынды.
Сондықтан осы тұрған сарбаздар күделікті қызметте жоғары технологиялық қару-жарақтарды, робототехникаға, ІТ – технологияларға, 3D принтингке бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.
Қазақстандық армия құрамында взвод қызметі жүйелі түрде жаңа «ми орталығы» ретінде қарастырылады.