logo

Әскери-ғылыми взводтың жас сарбаздарымен ант қабылдау


Әскери-ғылыми взводтың жас сарбаздарымен ант қабылдау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде 2022 жылғы 18 желтоқсаны әскери –ғылыми взводының жас сарбаздарының салтанатты түрде әскери ант қабылдау  рәсімі өткізілді.

Әскери – ғылыми взводына жоғары білімі бар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында заман талабына сай мамандықтары бойынша білім алған жастар іріктеп алынды.

Сондықтан осы тұрған сарбаздар күделікті қызметте жоғары технологиялық қару-жарақтарды, робототехникаға, ІТ – технологияларға, 3D принтингке бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.

Қазақстандық армия құрамында взвод қызметі жүйелі түрде жаңа «ми орталығы» ретінде қарастырылады.