logo

Әскери стратегиялық ойын


Әскери стратегиялық ойын

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде
2024 жылғы 18-30 наурыз кезеңі аралығында университеттің оқу жоспарына сәйкес университет бастығының орынбасары – «Қарулы Күштерінің Бас штаб Академиясы» факультетінің бастығы генерал-майор А.А. Жоламановтың басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамның тікелей қатысуымен «Қарулы Күштерінің Бас штаб Академиясы» факультетінің 2 курс магистранттарымен «Мемлекеттің қоғамдық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша әскери стратегия ойыны жүргізілуде.

Магистрантар лауазымды тұлғалары – мемлекеттік және әскери басқару органдарының жетекшілері рөлінде әлемдегі, өңірдегі жалпы, әскери-саяси жағдайды және оны тұрақтандыру жөніндегі, министрліктер мен ведомстволар қызметінің бағыттары бойынша шараларды бағалайды.

 Ойын барысында магистранттар тұтастай алғанда әскери-саяси жағдайды бағалау және болжау, оны тұрақтандыру жөніндегі шаралар бойынша тәжірибе алады, мемлекеттің қоғамдық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін зерделейді.

Стратегиялық әскери ойын қорғаныс сипатындағы жауынгерлік әс-қимылдарды дайындау және жүргізу мәселелерін пысықтау бойынша магистранттарды оқытумен аяқталады.