logo

Әзірбайжан делегациясының сапары жалғасуда


Әзірбайжан делегациясының сапары жалғасуда

2024 жылғы 27 наурызында еліміздің жетекші әскери-оқу мекемесіне Әскери ғылыми зерттеу институтының гуманитарлық ғылымдар бөлімінің бастығы полковник Яшар Шукюроғлы Керимов пен профессор, запастағы 1 ранг капитаны Нурулла Арифоғлы Алиевтың бастамасымен, Әзірбайжан Репсубликасының Ұлттық қорғаныс университеті жұмыс сапарымен келді.

 Әскери білім және ғылым саласындағы екіжақтың ынтымақтастығы форматында ЖОО арасындағы бұл төртінші іс-шара.

       Кезедесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор А. Мустабеков, әскери білім және ғылым саласы үлкен әлеуетке ие және екі жақты өзара тиімді әрекеттесуге оң әсер ету мүмкіндігін атап өтті.

      Профессорлық-оқытушылық құрамға, магистранттар мен докторанттар үшін Әзірбайжан Репсубликасы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері Кавказдағы және Каспий маңы аймағындағы әскери-саяси жағдай туралыдәріс оқыды.