logo

Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстандық әріптестер келді  


Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстандық әріптестер келді <strong> </strong>

Үстіміздегі жылдың 25 сәуірінде Қазақстан және Өзбекстан елдерінің қорғаныс министрлігінің арасындағы өзара қарым–қатынас туралы келісімге сәйкес жедел-стратегиялық деңгейіндегі өзбек мамандары келді.

     Өзбекстанның Қарулы күштері Академиясының бөлім бастығы полковник Аскар Юлдашев бастаған делегация Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен танысты.

     Келу барысында өзбек мамандары профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарға «Қазіргі заман жан-жалдарының ерекшеліктері» атты дәріс оқыды.

      Кездесу қорытындысы  бойынша екі жақ өзара қызуғышылық танытып, Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Қарулы күштері Академиясы арасындағы Жол картасын жүзеге асырудағы өзара жоғару оқу аралық тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға сенім білдірді.