logo

Қазақстандық армияның қатары білікті офицерлермен толықтырылды


Қазақстандық армияның қатары білікті офицерлермен толықтырылды

       2023 жылғы 10 маусымда еліміздегі  ең беделді әскери оқу орнында білім алған магистранттардың кезекті бітіру кеші өтті.

Университетті тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының офицерлері ғана емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымы мүшелерінің – Армения, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Қарулы Күштері офицерлері де білімдерін сәтті аяқтады.

Офицерлердің университет қабырғасынан қажетті көлемде алған білімдері өз Қарулы Күштерінің тапсырмаларын лайықты шешуге және  біздің ынтымақтас мемлекеттердің арасындағы әскери қауіпсіздікті нығайту ісіне жеке үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

Салтанатты іс-шара соңында ҚР ҚК Ұлтық әскери патриоттық Орталық ансамблі, ҚР Ұлттық ұланының ән-би ансамблі және ҚР ҚМ құрметті қарауыл ротасының дефилесі  өнер көрсетті.