logo

Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференция


Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылғы 23 қарашада университетте Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Армия генералы С.К.Нұрмағамбетовтің әскери борышын өтеу үлгісінде қазақстандық офицердің тұлғасын тәрбиелеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға  университет қолбасшылығы, Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жетекші әскери ғалымдар, докторанттар, магистранттар және шет елдік әріптестер қатысты. Онлайн режимде Ұлттық ұлан академиясының, Радиоэлектроника және байланыс   Әскери-инженерлік институтының, Әуе қорғанысы Күштерінің Әскери институтының, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен аталған Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Астана қаласының Әскери колледжінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында Сағадат Қожахметұлының Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуы, халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайту, өскелең ұрпақтың бойында құндылықтарды бағдарлау мен патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісіндегі көрнекті рөлі атап өтілді.