Мемлекеттік күзет қызметі факультеті
Мемлекеттік күзет қызметі факультетінің бастығы
полковник
Мухамедиев Арман Лукпанович
Мемлекет басшысының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша барлық күш құрылымдары үшін кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық оқу орнын құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті базасында Мемлекеттік күзет қызметі факультеті құрылды.
Факультет университеттің оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол ұқсас мамандықтар бойынша оқытуды, сондай-ақ факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың ғылыми-зерттеу қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Факультетте екі кафедра ашылды, онда ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін екі мамандық – «Мемлекеттік күзет саласындағы Менеджмент» және «Мемлекеттік күзет саласындағы жедел-техникалық қызмет»бойынша даярлау жүргізіледі.
Факультет қызметінің басты мақсаты Мемлекеттік күзет міндеттерін шешу, мемлекеттік және арнайы талаптарға сәйкес келетін, жеткілікті құзыреті бар, деңгейі ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің сауатты мамандарға қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдануға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.
Факультеттің негізгі міндеттері:
– әскери кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері мен талаптарына жауап беретін оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты іске асыру;
– жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті, құзыретті мамандарға және факультет бейіні бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру;
– заманауи технологияларды, оқыту әдістері мен әдістемелерін, оның ішінде ҚР МКҚ-ның өзгермелі қажеттіліктеріне кредиттік оқытуды сынақтан өткізу және енгізу;
– білім беру процесін, тиімді менеджмент жүйесін және оқытудың жаңа, сапалы жетілдірілген технологияларын, әдістері мен нысандарын қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізуді ұдайы жетілдіру;
– факультет бағыты бойынша және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
– күш құрылымдары үшін кадрларды оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу және пайдалану;
– сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
– тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
– мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу әдебиеттерін және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
Факультет кафедралары:
- Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кафедрасы;
- Жедел-техникалық пәндер кафедрасы.