Жан-жақты қамтамасыз ету факультеті
Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің бастығы
полковник
Лесов Ғани Сәбитханұлы
Факультет бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша оқытуды, сондай-ақ факультет мамандықтарына жататын кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметін басқаруды жүзеге асыратын университеттің оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Факультет қызметінің басты мақсаты мемлекеттік және арнайы талаптарға сәйкес келетін, жеткілікті құзыреті бар, деңгейі Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың мамандарға қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс әскерлерді жан-жақты қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдануға қабілетті жоғары білікті әскери кадрларды даярлау болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) әскери кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері мен талаптарына жауап беретін жоғары кәсіби деңгейде мамандарды даярлау бағыттары бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты іске асыру;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті, құзыретті мамандарға және факультет бейіні бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға мемлекеттің әскери ұйымының қажеттілігін қанағаттандыру;
3) біліктілікті арттыру курстарында кадрларды даярлауға және қайта даярлауға белсенді қатысу;
4) кәсіптік білім беруді Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімдеуге ықпал ететін заманауи технологияларды, оқыту әдістері мен әдістемелерін, оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сынақтан өткізу және енгізу;
5) университеттің ғылыми әлеуетін, тиімді менеджмент жүйесін интеграциялау және оқытудың жаңа, сапалы жетілдірілген технологияларын, әдістері мен нысандарын қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу негізінде білім беру процесін ұдайы жетілдіру;
6) кадрларды даярлау бағыттары бойынша және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
7) әскери кадрларды оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу және пайдалану.
Факультет құрылымы
Факультет басқарма факультет және кафедралардан тұрады:
- Барлау кафедрасы.
- РЭБ және РЭК кафедрасы.
- Инженерлік әскерлері және РХБҚ мен экологиялық қауіпсіздік кафедрасы.
- Байланыс және ақпараттық қауіпсіздігі кафедрасы.
- Техникалық қамтамасыз ету кафедрасы.
- Тылдық қамтамасыз ету кафедрасы.
- Әскери білім беру және тәрбие кафедрасы.
- Әскери медицина кафедрасы.
Факультет жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру магистратура және докторантураның келесі мамандықтар мен біліктіліктер бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырады:
PhD Докторантура:
- Қару-жарақ және әскери техника.
- Әскери білім беру және тәрбие.
- Әскери істегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Магистратура:
- Әскери істегі Менеджмент.
- Әскери істегі Логистика.
- Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс.
- Әскери істегі киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
- Әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау.
- Халықаралық әскери ынтымақтастық және қауіпсіздік.
- Соғыс ісіндегі Экономика және қаржы.
- Әскери медицина.
- Әскери фармация.
Біліктілігіне:
- Жедел-тактикалық барлау бөлімдерін басқару.
- Радиоэлектрондық күресті ұйымдастыру.
- Радиоэлектрондық барлауды ұйымдастыру.
- Инженерлік әскерлерді жедел-тактикалық басқару.
- Техникалық қамтамасыз етуді басқару.
- Тылдық қамтамасыз етуді басқару.
- Тәрбие, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру.
- Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау жүйелерін басқару.
- Әскерлерді жедел-тактикалық радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды басқару.
- Халықаралық іс.
- Экономикалық және қаржылық қызмет.
- Денсаулық сақтау менеджменті.
- Медикалық-профилактикалық іс.
- Фармация.