logo

Төрағаның сапармен келу


Төрағаның сапармен келу

2024 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ төрағасы Әлия Қалқаманқызы Оспанова ханым іс-сапармен келді.

Сапармен келу аясында Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор А.Д. Мустабековпен Орталықтың төрағасына жоғары оқу орны туралы презентация ұсынылды.

Профессорлық-оқытушылық құраммен жіне магистранттармен кездесу барысында Әлия Қалқаманқызы аталған орталықтың қызметі және шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешені туралы әңгіме қозғады.