logo

Ресей Федерациясының ғалым-педагогтардың қатысуымен өткізілген семинар


Ресей Федерациясының ғалым-педагогтардың қатысуымен өткізілген семинар

2023 жылдың  4 қазан күні Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің (бұдан әрі – ОмМПУ) жетекші ғалым-педагогтарының қатысуымен «Білім берудегі заманауи зерттеулердің әдістері мен бағыттары:ғылыми ізденістің кеңістігі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинар аясында педагогикалық зерттеулер әдістемелерінің мәселелері қарастырылды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессор Ю.Б. Дроботенконың және Н.И. Чуркинамен тренинг пен практикумдар өткізілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ОмМПУ ректоры Н.С. Макаровамен мерзімі 2024 жылы 28 шілдеде аяқталатын «Ұлттық қорғаныс университеті мен ОмМПУ арасындағы келісім туралы мемрандумды» ұзарту қажеттілігі туралы ауызша келісімге қол жеткізілді.