logo

Оқу-жедел сапары


Оқу-жедел сапары

Қорғаныс министрінің нұсқаулығына және университеттің оқу жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22-27 қаңтар аралығында «ҚК Бас штаб Академиясы» факультетінің біріңғай топ оқытушылары полковниктер К.Б. Цхай,
Ф.С. Қайранов пен 2 курс магистранттарымен оқу жедел сапары жүргізілді.

 Сапар елдің Батыс, Оңтүстік және Шығыс бағыттарында өткізілді. 

Оқу-жедел сапардың мақсаты:

1. магистранттарды Қарулы Күштердің басқару органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құрамалар мен бөлімдердің, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының рөлі мен орнымен практикалық түрде таныстыру;

2. білім алушылардың жедел-стратегиялық ой-өрісін кеңейту, оларды Қазақстан бағыттары шегінде орналасқан бөлімдер мен мекемелердің жұмылдыру мүмкіндіктерімен таныстыру.