Әуе қорғанысы күштері факультетінің Әскери-әуе күштері кафедрасы
Әуе қорғанысы күштері факультетінің әскери-әуе күштері кафедрасының бастығы
полковник
Бекетов Бауыржан Шәкірұлы
«Әскери-әуе күштері» кафедрасы 2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №1/14/1/12 бұйрығына сәйкес 7М 12101 «Әскери істегі менеджмент» мамандығы бойынша («Әскери-әуе күштерінің жедел-тактикалық бөлімдерін басқару» білім беру бағдарламасы бойынша) әскери-әуе күштері бөлімдерін жедел-тактикалық (тактикалық) басқару буынының магистранттарын оқыту және даярлау мақсатында құрылды.
Кафедра оқу және жалпылау, оқу үрдісіне:
– әскери және қарулы қақтығыстарда операцияларды (жауынгерлік іс-қимылдарды) дайындау кезі мен жүргізу барысында, сондай-ақ әскерлер мен штабтарды жедел (жауынгерлік) жұмылдыру дайындығы практикасында әскери-әуе күштері бөлімдерін басқару тәжірибесін;
– әскери-әуе күштерін дамытудың негізгі бағыттары, қазіргі заманғы қарулы күресті жүргізу құралдарын, нысандары мен тәсілдерін, ғылымның жаңа жетістіктерін, басқарудың жаңа техникалық құралдарын дамыту және қолдану перспективаларын ескере отырып, ұйымдастырушылық нысандары мен басқару әдістерін;
– әскери-әуе күштері әскерлерінің бөлімдерін жауынгерлік жағдайда және әскерлердің күнделікті қызметінде басқарудың теориялық ережелерін шығармашылықпен қолдана алатын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінің жеке құрамымен жедел (жауынгерлік) жұмылдыру дайындығы жүйесінде сабақтарды дұрыс ұйымдастыра және өткізе алатын әскери мамандарды даярлаудағы заманауи әдістемелік тәсіл енгізуді жүзеге асырады.
Магистранттарды оқыту мамандық бойынша жүзеге асырылады:
7М 12101 «Әскери істегі менеджмент» («Әскери-әуе күштерінің жедел-тактикалық бөлімдерін басқару» білім беру бағдарламасы бойынша), оқыту мерзімі 1,5 жыл, оқу түрі күндізгі.
Кафедраның негізгі міндеттері:
- Әскери-әуе күштерінің бөлімдерін басқару саласындағы офицерлік кадрлардың біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті білімі, іскерлігі, дағдылары бар жоғары білікті ӘӘК мамандарын даярлау мақсатында оқу-әдістемелік жұмысты жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру мен жүргізу.
- Білім алушылардың жеке тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамытуға, олардың әскери-кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға қатысу.
- Әскери-әуе күштері бөлімдерінің әскери теориясын дамытуға, жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау.
- Кафедраның оқытушылар құрамының біліктілігін және ғылыми дәрежеге ие болу деңгейін арттыру.
- Кафедраның оқу және материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіру.
- Кафедраның оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын дайындау мен басып шығару.