Тілдер кафедрасы
Тілдер кафедрасының бастығы
философия докторы (PhD), полковник
Исеев Руслан Рафаэльевич
2014 жылдың 1 тамызында құрылды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.
Кафедра жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде магистратура мен докторантураның барлық бағыттары және мамандықтарына жоғары оқу орнының негізгі пәндер циклінің негізгі компоненті шеңберінде тілдік пәндер (ағылшын, қазақ, неміс) бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Қосымша білім беру деңгейінде әскери қызметшілердің сөйлеу дағдылары түрлерін дамыту бойынша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кафедра тарапынан жыл сайын қарқынды тіл курстары ұйымдастырылады. Ағылшын тілі курсының екі циклі 5 ай ұзақтығымен Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ БҰҰ бітімгерлік миссиялары шеңберінде тыңдаушыларды шет елде ары қарай білім алуға және міндеттерін атқаруға бару үшін өткізіледі. Шет ел әскери қызметшілеріне арналған орыс тілі курсы 9 ай ұзақтығымен тыңдаушыларды магистратурада оқуға дайындау мақсатында өткізіледі.
Кафедраның бастамасы және ұйымдастыру көмегімен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері тарихында алғаш рет екіжақты ынтымақтастық шеңберінде:
- 2019 жылдан бастап серіктес елдердің ішінен бір қорғаныс ведомствосының өтінішімен шетел әскери қызметшілеріне орыс тілі курсы өткізіледі;
- 2020 жылдан бастап ағылшын тілі оқытушыларына біліктілікті арттыру курстарында (Cambridge TKT Modules 1, 2, 3, TKT CLIL, Pre-CELTA қосқанда) 67 оқу орыны бөлінді;
- 2021 жылдан бастап академиялық ұтқырлық аясында университетте Үндістан Республикасының оқытушылары ағылшын тілін оқытады;
- 2023 жылдан бастап Түркия Елшілігімен бірге ҚР ҚК әскери қызметшілеріне түрік тілінің қарқынды курсы өткізіледі;
- 2024 жылғы тамызда ITEC үнді бағдарламасымен тілдер аудиторияларын заманауи интерактивті тақталарға баламалы – интерактивті сенсорлы панельдермен жабдықтау жобасы аяқталды;
- 2025 жылы International House және Peacekeeping English Project мекемелерімен бірлесе отырып, жетілдірілген пәнаралық компоненті біріктірілген ағылшын тілі оқулығы жобасының жұмысын аяқтау жоспарланған.
Кафедраны басқарғандар:
2014-2016 жж. – ҚР ҚК қызметкері Абильмажинова Майра Шоматовна;
2016-2017 жж. – полковник Шапиев Манель Молдасанович;
2018-2019 жж. – полковник Жакупов Руслан Базарбекович.