"Қарулы Күштер Бас штабы академиясы" факультетінің мемлекеттік, әскери басқару және құқық кафедрасы

"Қарулы Күштер Бас штабы академиясы"факультетінің мемлекеттік, әскери басқару және құқық кафедрасының бастығы
полковник
Цхай Константин Борисович
Әскери және мемлекеттік басқару кафедрасы «Әскери істегі стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел-стратегиялық (стратегиялық) басқару буындарының әскери кадрларын даярлауды, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарында оқытуды жүзеге асырады.
Кафедра қызметі:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
- Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және өткізу;
- Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
- Магистрлік диссертацияларға, магистранттар мен докторанттардың жобаларына ғылыми жетекшілік ету;
- Кафедраның бейіндік және базалық пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жобаларын, құрылымдық-логикалық схемаларды әзірлеу.
Оқу пәндері:
– Әскери және мемлекеттік басқару;
– Әскерлерді басқару (с);
– Әскери саясаттану және геосаясат;
– Мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасы;
– Кәсіби коммуникация және ғылыми қызмет;
– Стратегиялық басқару;
– Халықаралық әскери құқық.