Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің техникалық қамтамасыз ету кафедрасы

Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің техникалық қамтамасыз ету кафедрасының бастығы доктор (PhD)

полковник

Искаков Серикжан Турсынбайұлы

«Техникалық қамтамасыз ету кафедрасы» бұрынғы «Тылдық және техникалық қамтамасыз ету» базасында құрылды, техникалық қамтамасыз ету офицерлерін жоғары әскери білімімен, оперативтік-тактикалық деңгейде дайындау мақсатында 2002 жылы құрылды.2014 жылы ҰҚУ ҰШҚ өзгерту барысында  таратып жіберілді. 2019 жылы факультет құрамына қайта енгізілді.

Кафедра қызметі:
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің МЖМБС сәйкес кәсіби білімі, іскерлігі, дағдылары бар мамандарды теориялық және практикалық даярлауды ұйымдастыру;
2. Магистратура, докторантура арқылы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;
3. Оқу процесін қажетті құжаттамамен, материалдармен, оқу құралдарымен, міндеттер жинағымен ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4. Тиісті мамандықтар бойынша білім алатын магистранттармен, докторанттармен оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
5. білім алушыларды оқытудың нысандары мен әдістерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жетілдіру;
6. кафедра қызметін оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарларға сәйкес жүзеге асыру;
7. магистранттарды, докторанттарды ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті орындауға тарту.

Кафедраның негізгі тапсырмалары:
1) магистратураның «7М12102-Әскери істегі логистика» (біліктілігі «Техникалық қамтамасыз етуді басқару») мамандығына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
2) докторантураның  философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындала отырып, күндізгі білім берудің «8D12103 Қару-жарақ және әскери техника» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
3) магистратураның басқа мамандықтарына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары және ҰҚШҰ елдері үшін офицерлік кадрларды дайындау мақсатында сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
5) қару-жарақ пен әскери техникалардың әскери теориясының дамуына бағытталған кафедраға байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
6) оқытушылар құрамы мен тылдық қамтамасыз ету мамандарының біліктілігін арттыру;
7) оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
8) кафедра қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын дайындау және басып шығару.

Оқу пәндері:
– әскерлердің (операциялардың)жауынгерлік іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз ету;
– әскерлерді күнделікті қызметте техникалық қамтамасыз ету;
– әскерлерді зымырандық-техникалық және артиллериялық-техникалық қамтамасыз ету;
– әскерлерді автотехникалық қамтамасыз ету;
– әскерлерді танкотехникалық қамтамасыз ету;
– әскерлерді метрологиялық қамтамасыз ету;
– жауынгерлік іс-қимылдардағы әскерлерді техникалық қамтамасыз ету (магистратураның басқа мамандары үшін);
– әскерлерді техникалық қамтамасыз ету негіздері (магистратураның басқа мамандары үшін);
– басқару міндеттеріндегі жүйелі зерттеулер (докторантурада);
– техникалық жүйелердің сенімділігі (докторантурада);
– Қазақстан Республикасының Әскери-техникалық саясатының негіздері (докторантурада);
– ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру және басқару (докторантурада).