Азаматтық қорғау кафедрасы

Азаматтық қорғау кафедрасының бастығы философия докторы (PhD),

полковник

Қуанышбаев Мұрат Сапарғалиұлы

Кафедра университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және «Азаматтық қорғау менеджменті» мамандығы бойынша жедел-тактикалық деңгейдегі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі үшін офицерлерді даярлауды жүзеге асырады, біліктілігі: «Азаматтық қорғаудың жедел-тактикалық басқармасы».

Кафедраның негізгі мақсаты көшбасшылық қасиеттерге ие, басқару және қолдану негіздері бойынша теориялық білімі бар білікті кадрларды, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін, төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің бөлімшелерін даярлау болып табылады.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  1. Магистранттардың кәсіби-теориялық құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізі болып табылатын бейіндеуші пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру және өткізу.
  2. Сабақтарды өткізу үшін оқу құралдарын, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару, соны мен бірге білім алушылардың білім деңгейін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды жүргізу.
  3. Азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастырудың, жоспарлаудың және басқарудың теориялық негіздерін жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
  4. Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың және азаматтық қорғаныстың озық тәжірибесін зерделеу, қорыту және оқу процесіне енгізу.
  5. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі уәкілетті органға ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.
  6. Білім алушылардың жоғары патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби қызметке психологиялық дайындығын және алған теориялық білімдерін практикада қолдануды қалыптастыру және дамыту.
  7. Магистрлік жобаларға ғылыми жетекшілік ету және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша докторанттарға кеңес беру.

Оқу пәндері:

  1. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
  2. Азаматтық қорғауды ұйымдастыру және жүргізу.
  3. Төтенше жағдайлар кезінде инженерлік қорғау.
  4. Азаматтық қорғау іс-шараларын басқару.
  5. Байланыс және хабарлауды ұйымдастыру.
  6. Төтенше жағдайлар кезінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау.
  7. Авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету.
  8. Азаматтық қорғау жөніндегі кешенді оқу-тапсырмасы.