2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан мен Италияның Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Италия Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары қорғаныс зерттеулері мен талдаулары институтының делегациясын қарсы алды.
Қазақстандық коллегаларға таныстыру үшін Италия Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары қорғаныс зерттеулері мен талдаулары институтының директоры полковник Гуальтьеро Иаконо «Жоғары қорғаныс зерттеулері мен талдауларының институты туралы» брифинг ұсынды.
ҚР Италияның әскери атташесі полковник Джанлука Каррьеро профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарға арнап «Ауғанстандағы операцияларды талдау және шешім, Орталық-Азия аймағындағы жағдайлардың болжамы» тақырыбында дәріс оқыды.
Іссапар барысында қонақтар университеттің оқу-материалдық және ғылыми-тәжірибелік базасымен танысты.