Докторантура

Докторантура бастығы

философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) полковник

Есбергенов Қайсарбек Балтабайұлы

Докторантура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының мақсаты білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тереңдетілген кәсіби даярлығы бар әскери қауіпсіздік және қорғаныс саласы үшін ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау болып табылады.

Докторантураның негізгі міндеттері:

білім мен ғылымды интеграциялау негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының оқу және ғылыми орындарында ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың тиімді жүйесін құру;

әскери кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері мен талаптарына жауап беретін жоғары кәсіби деңгейде докторантураның бағыттары мен мамандықтары бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыстарды іске асыру;

кәсіби-құзыретті тұлғаны, кәсіби міндеттерді өз бетінше және шығармашылықпен шешуге, жаңа ғылыми идеяларды қабылдауға және жаңа технологиялардың жолсерігі болуға қабілетті бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Докторантураның функциялары:

докторантурадағы ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдауға және олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

докторанттың жеке жұмыс жоспарын, докторанттардың ғылыми жарияланымдарын әзірлеуге және оларға әдістемелік көмек көрсетуге, оның ішінде ғылыми-практикалық (теориялық) конференцияларға қатысуға жәрдемдесуге;

докторанттардың педагогикалық және зерттеу практикасы бағдарламасын, мамандықтар бойынша тағылымдамаларды дайындау мен орындауды, докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді және оның жүзеге асырылуын бақылауды ұйымдастыруға;

ғылыми консультация берудiң және докторлық диссертация жазуды ұйымдастырудың неғұрлым нәтижелi тәжiрибесiн қорыту және тарату жөнiнде шаралар қабылдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы қазiргi заманғы жетiстiктер негiзiнде оқытудың инновациялық технологияларын енгiзу, оқу-әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу мен басып шығаруға қатысу.