logo

Ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференция


Ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференция

2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштер Бас штабы Академиясы» факультетінде «ҚР ҚК Бас штабы Ұлттық қорғанысты басқару орталығының дағдарыстық жағдайлардағы тапсырмаларды орындау кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері. Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференция өткізудің негізгі идеясы төтенше жағдай мен төтенше жағдай кезіндегі нормативтік-құқықтық базаны талдау, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының дағдарыс кезіндегі  бірлескен іс-қимылдары туралы  теориялық ережелерді нақтылау, әзірлеу болды.

Конференцияда Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Шекара қызметінің өкілдері, Қорғаныс министрлігінің Орталық аппараты мен Қарулы Күштер Бас штабының департаменттері мен бас басқармаларының, орталық атқарушы органдарының басшылары сөз сөйледі.