Ұлттық қорғаныс университетінің негізгі спорттық іс – шаралар жоспарына сәйкес ҚР университетінде ағымдағы жылдың 24 наурызында «БРУСЬЯ FEST» бойынша ҰҚУ чемпионаты өтті. Бұл жарыстар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін спортпен белсенді айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға тартуға ықпал ететін спорттық гимнастика жаттығулары бойынша жарыстардың түбегейлі жаңа бағыты болып табылады.
Жарысқа 12 команда, үш салмақ дәрежесінде 36 адам қатысты (80 кг – ға дейін, 90 кг – ға дейін және 90 кг – нан астам). Осы жарыстардағы жеңімпаздар мен Чемпиондар келесілері болып анықталды:
80 кг дейінгі салмақта: I орын – майор Н. Илесбаев (ТжТҚФ); II орын – капитан Р.А. Шарипов (БАИФ); III орын – майор А.К. Купеев (ҰҰФ).
90 кг дейінгі салмақта: I орын – майор Е.М. Мекеев (ТжТҚФ); II орын – майор Б.Т. Чакенов (АДФ); III орын – 3 сынып сержанты А.Бушмакин (БАИФ).
90 кг жоғары салмақта: I орын – подполковник Д.А Жұбанганов (МҚҚФ); II орын – подполковник Б.К. Әубәкіров (ҰҰФ); III орын – майор Б.М. Құлбаев (ТжТҚФ).
Командалық есепте:
I орын – ТжТҚФ;
II орын – ҰҰФ;
III орын – БАИФ.
Бұл жарыстар әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің қызығушылығын тудырды және келесі кезеңде бұл жарыстарды Қарулы Күштер ауқымында өткізу жоспарлануда.
Әскери спорт туын жоғары ұста!!!