Мемлекеттік күзет қызметі факультеті

Мемлекеттік күзет қызметі факультетінің бастығы
философия докторы (PhD)

полковник

Кемалов Берік Қайырұлы

Мемлекет басшысының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша барлық әлеуетті құрылымдар үшін кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық оқу орнын құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Мемлекеттік күзет қызметі факультеті құрылды.

Факультет туыс мамандықтар бойынша оқытуды, сондай-ақ факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың ғылыми-зерттеу қызметіне басшылықты жүзеге асыратын университеттің оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте екі кафедра ашылды, онда ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін «Мемлекеттік күзет саласындағы Менеджмент» және «Мемлекеттік күзет саласындағы жедел – техникалық қызмет» мамандықтары бойынша даярлау жүргізіледі. Факультет қызметінің басты мақсаты – Мемлекеттік күзет міндеттерін шешу, күзетілетін адамдар мен мемлекеттік және арнайы талаптарға сай келетін, жеткілікті құзыретке ие, деңгейі ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің сауатты мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алған білімі мен іскерлігін қолдана алатын жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.

Факультеттің негізгі міндеттері:

– қазіргі заманғы үрдістер мен әскери кадрларды даярлау талаптарына жауап беретін оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты іске асыру;

-мемлекеттің жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті, құзыретті мамандарға және факультет бейіні бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін қанағаттандыру;

– заманауи технологияларды, оқыту әдістері мен әдістемелерін апробациялау және енгізу, оның ішінде кредиттік, ҚР МКҚ өзгеретін қажеттіліктеріне қашықтықтан оқыту;

– білім беру процесін, тиімді менеджмент жүйесін және оқытудың жаңа, сапалы жетілдірілген технологияларын, әдістері мен нысандарын қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізуді тұрақты жетілдіру ; ;

– факультет бағыты бойынша және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және өткізу;

– әлеуетті құрылымдар үшін кадрларды оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу және пайдалану;

– сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

– тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

-мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.