Командалық-штабтық факультет

Командалық-штабтық факультетінің бастығы

полковник

Омаргалиев Кажыбек Бектурович

Командалық-штабтық факультет 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған.
ҰҚУ командалық-штабтық факультетінің құрылымы:
Факультет басқармасы:
факультет бастығы;
факультет бастығының орынбасары (оқу және ғылыми жұмыс бойынша));
факультеттің аға офицері.
Факультет кафедралары:
жедел-тактикалық дайындық кафедрасы;
әскерлерді басқару және жалпы әскери штабтар қызметі кафедрасы.
зымырандық әскерлер және артиллерия кафедрасы.
Әуе қорғанысы күштері кафедрасы.
материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасы.
дене шынықтыру және спорт кафедрасы.
“Әскери істегі Менеджмент” мамандығы бойынша 1-ші,2-ші курс оқу топтары.
Командалық-штабтық факультеттің негізгі міндеттері::
Қазіргі жалпы әскери ұрыста және операцияда құрамалар мен бөліктерді басқару саласында жоғары білікті офицерлік кадрларды даярлау мақсатында жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Факультет үшін белгіленген мамандықтар бойынша магистранттарды даярлауды қамтамасыз ететін университет кафедраларымен оқу және тәрбие жұмыстарын үйлестіру.
Әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау.
Тәрбие жұмысын басқару, Жоғары әскери тәртіпті, ішкі тәртіпті және факультетте ұйымшылдықты қолдау.
Факультеттің негізгі функциялары::
факультетте магистранттардың оқу іс-әрекетінің жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру.
магистранттардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылау.
оқу топтарын қалыптастыру, бірінші курсқа қабылдау және курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау.
сабақ кестесін, емтихандар мен сынақтар кестесін жасауға қатысу, олардың сапасы мен орындалу барысын бақылау.
мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау.
факультет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және үнемі жетілдіру.
факультет магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру.
факультет магистранттарының жеке жұмыс жоспарларының орындалуын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау.
университеттің қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу.
оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелер бойынша факультеттің есеп беру мәліметтерін, сондай-ақ факультет мамандықтарын аттестациялауға қажетті құжаттарды жүргізу және дайындау.
оқу сабақтарын өткізу кезінде магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу және шаралар қабылдау.