Жалпыәскери факультетінің зымыран әскерлері және артиллерия кафедрасы

Жалпыәскери факультетінің зымыран әскерлері және артиллерия кафедрасының бастығы

полковник

Олейник Владимир Станиславович

Зымыран әскерлері мен артиллерия кафедрасы 6М100300 “әскери және әкімшілік басқару (Зымыран әскерлері мен артиллерия бағдарламасы бойынша)” мамандығы бойынша, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап “7м 12101-Әскери істегі Менеджмент” мамандығы бойынша (зымыран әскерлері мен артиллерияның жедел – тактикалық құрамалары мен бөлімдерін басқару) артиллериялық құрамалар мен бөлімдерді басқарудың жедел-тактикалық (тактикалық) буынының магистранттарын даярлауды жүзеге асырады.

Кафедраның негізгі міндеттері:
1. Қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыста және операцияда зымыран әскерлері мен артиллерия құрамаларын (бөлімдерін) басқару саласында Қарулы Күштер үшін офицер кадрларының білімі, шеберлігі, дағдылары және кәсіби қасиеттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
2. Зымыран әскерлері мен артиллерияны жауынгерлік қолдану, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыру саласындағы әскери теорияны дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау;
3. Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу басылымдарын (оқулықтарды, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін), оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және шығару;
4. Оқу-әдістемелік басқармамен және университет кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, мамандарды даярлаудың құрылымдық-логикалық схемаларын және оқу сабақтарының кестелерін әзірлеуге қатысу.

Оқу пәндері:
– зымыран әскерлері мен артиллерияны жауынгерлік қолдану;
– зымыран соққыларын және артиллерия атысын басқару;
– зымыран әскерлері мен артиллерияның соққылары мен атысын басқарудың теориялық негіздері;
– артиллериялық барлау;
– зымыран әскерлері мен артиллерияны топогеодезиялық, гидрометеорологиялық және баллистикалық қамтамасыз ету;
– жауынгерлік және жедел дайындық әдістемесі;
– артиллерияны жауынгерлік қолдану (басқа мамандар үшін).