Жалпыәскери факультеттің әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасы

Әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасының бастығы әскери ғылымдарының кандидаты, доцент

полковник

Паньков Сергей Владимирович

Жалпыәскери штабтар қызметінің әскерлерді басқару кафедрасы “Әскери істегі Менеджмент”, “Әскери істегі Логистика” және “әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс”мамандықтары бойынша мамандар даярлау үшін университеттің негізгі оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Кафедраның негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының және ҰҚШҰ елдерінің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицер кадрларын даярлау мақсатында оқу жұмысын жоғары әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
2. Білім алушылардың жеке басын жан-жақты және үйлесімді дамытуға қатысу, олардың әскери-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
3. Әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
4. ПОҚ біліктілігін арттыру;
5. Оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
6. Кафедраның оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару.

Оқу пәндері:
– “Әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі»;
– “Әскерлердің күнделікті қызметін басқару»;
– “Ұрыстағы байланыс және операциялар”.