Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасы

Әскери гуманитарлық ғылымдар факультетінің қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасының бастығы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
полковник
Саурбаев Тимур Каратаевич
Қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасы университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми және педагогикалық қызмет атқарады.
Кафедра 2002 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Офицерлерді даярлау «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық процестерді басқару», «Әскери білім» мамандықтары бойынша жүргізілді. 2016 жылдан бастап «Әскери құрамдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» мамандығы: «Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» біліктілігі; «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру» біліктілігі.
Ұйымдастырушылық және кадрлық іс-шаралардың нәтижесінде кафедраның атауы өзгерді: гуманитарлық пәндер; тәрбие, идеологиялық жұмыс және педагогика, ал 2016 жылдан бастап – әлеуметтік пәндер және педагогика кафедрасы.
Оқу процесі кредиттік технология бойынша 20 академиялық пән бойынша ұйымдастырылған.
Кафедра бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша бакалавриат түлектерін дайындайды. Кафедраның барлық оқытушыларының ғылыми немесе магистр дәрежелері бар.
Кафедра 7М12104 «Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» мамандығы «Тәрбие және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру» квалификациясы бойынша оперативтік-тактикалық деңгейде басқару магистрантарын даярлық жүргізеді.
Кафедра қызметі:
- Оқыту-тәрбиелеу үрдісін жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде ұйымдастыру және жүргізу.
- Оқушылар тұлғасының үйлесімді және жан-жақты өркендеуіне, олардың әскери-кәсіби сапасын қалыптастыруға қатысу.
- Кафедраның бағытына сай әскери теория мен практиканы дамытуға, әскердің ұрысқабілеттілігін және әскери даярлығын арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен жұмыстар орындау.
- Жоғары лауазымдарға ұсынылған офицерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
- Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру.
- Оқыту және материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру.
Оқу пәндері:
– әскердегі тәрбие және идеологиялық жұмыс;
– жауынгерлік іс-қимылдарды моральдік-психологиялық қамтамасыз ету;
– әскери психология;
– ақпараттық-психологиялық күрес;
– әскери-азаматтық қатынастар;
– кәсіби коммуникация теориясы;
– геосаясат;
– офицердің педагогикалық мәдениеті;
– жоғарғы әскери мектеп педагогикасы (PhD);
– көшбасшылық және әскери этика;
– жеке құрамды жауынгерлік қимылдарға моральдік-психологиялық дайындау (басқа мамандықтар үшін);
– диссертациялық зерттеудің әдістемесі.