Тылдық және техникалық қамтамасыз ету факультетінің тылдық қамтамасыз ету кафедрасы

Тылдық және техникалық қамтамасыз ету факультетінің тылдық қамтамасыз ету кафедрасының бастығын, доктор (PhD),
полковник
Жакашев Алмаз Кажибаевич
«Тылдық қамтамасыз ету кафедрасы» тылдық қамтамасыз ету офицерлерін жоғары әскери білімімен, оперативтік-тактикалық деңгейде дайындау мақсатында 2004 жылы құрылған. 2014 жылы ҰҚУ ҰШҚ өзгерту барысында таратып жіберілді. 2019 жылы факультет құрамына қайта енгізілді.
Кафедраның негізгі тапсырмалары:
1) магистратураның «7М12102-Әскери істегі логистика» (біліктілігі «Тылдық қамтамасыз етуді басқару») мамандығына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
2) магистратураның басқа мамандықтарына арналған кафедраның пәндері бойынша сабақтар өткізу;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары және ҰҚШҰ елдері үшін офицерлік кадрларды дайындау мақсатында сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
4) әскери мәдениеттің дамуына бағытталған кафедраға байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
5) оқытушылар құрамы мен тылдық қамтамасыз ету мамандарының біліктілігін арттыру;
6) оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
7) кафедра қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын дайындау және басып шығару.