Біліктілікті арттыру

Әскери кадрлардың біліктілік деңгейін үздіксіз арттыру және қайта даярлау мақсатында 2008 жылдан бастап ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде қосымша әскери білім беру жүйесі енгізілді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • басқарудың жедел-стратегиялық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • басқарудың жедел-тактикалық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • басқарудың тактикалық буынының әскери кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

Біліктілікті арттыруды кім жүзеге асырады?

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы:

  1. офицерлік құрамды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында (факультеттерінде), әскерде, ұқсас әскери оқу орындарында, мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және азаматтық министрліктер мен ведомстволардың кәсіпорындары мен ұйымдарында тағылымдамадан өту кезінде, сондай-ақ әскерлердің оқу – жаттығуларында, қару-жарақ пен әскери техниканы сынауларда, кәсіби даярлау жүйесінде-әскери қызметші оқытушылар;
  2. Қарулы Күштердің оқытушы-қызметшілері – азаматтық министрліктер мен ведомстволар мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің оқу орындарында (бөлімшелерінде), жетекші жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде тағылымдамадан өтуде.

Курстық дайындық бөлімі

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде әскери қызметшілерді шет тілдерін оқыту курстық дайындық бөлімінде жүргізіледі.

Курстық дайындық бөлімі 2005 жылдың маусым айында құрылды және ҚР ҚМ Әскери институтының (Алматы қ.) құрамына құрылымдық түрде кірді, институт таратылғаннан кейін 2010 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің (Щучинск қ.) құрамына кірді.

Бөлім ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің шет тілдерін оқыту бағдарламасы бойынша курстық даярлыққа арналған.:

  • екіжақты әскери ынтымақтастық;
  • халықаралық әскери білім беру IMET.

Әскери қызметшілерді курстық даярлау қаңтардан бастап мамырға дейін және шілдеден бастап қарашаға дейін жылына 2 рет 5 айға дейін ұйымдастырылады.

Курстық дайындық тыңдаушыларымен сабақ өткізу үшін лингафондық жабдықтармен жабдықталған оқу аудиториялары бар.