logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

«Брусья fest» бойынша чемпионат


«Брусья fest» бойынша чемпионат

Ұлттық қорғаныс университетінің негізгі спорттық іс – шаралар жоспарына сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы университетінде ағымдағы жылдың 24 наурызында «БРУСЬЯ FEST» бойынша ҰҚУ чемпионаты өтті. Бұл жарыстар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін спортпен белсенді айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға тартуға ықпал ететін спорттық гимнастика жаттығулары бойынша жарыстардың түбегейлі жаңа бағыты болып табылады.

Жарысқа 12 команда, үш салмақ дәрежесінде 36 адам қатысты (80 кг – ға дейін, 90 кг – ға дейін және 90 кг – нан астам). Осы жарыстардағы жеңімпаздар мен Чемпиондар келесілері болып анықталды:

80 кг дейінгі салмақта: I орын – майор Н. Илесбаев (ТжТҚФ); II орын – капитан Р.А. Шарипов (БАИФ); III орын – майор А.К. Купеев (ҰҰФ).

90 кг дейінгі салмақта: I орын – майор Е.М. Мекеев (ТжТҚФ); II орын – майор Б.Т. Чакенов (АДФ); III орын – 3 сынып сержанты А.Бушмакин (БАИФ).

90 кг жоғары салмақта: I орын – подполковник Д.А Жұбанганов (МҚҚФ); II орын – подполковник Б.К. Әубәкіров (ҰҰФ); III орын – майор Б.М. Құлбаев (ТжТҚФ).

Командалық есепте:

I орын – ТжТҚФ;   

II орын – ҰҰФ;

III орын – БАИФ.

Бұл жарыстар әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің қызығушылығын тудырды және келесі кезеңде бұл жарыстарды Қарулы Күштер ауқымында өткізу жоспарлануда.

Әскери спорт туын жоғары ұста!!!