Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде университет басшылығы, жас ғалымдар мен оқытушылар, докторанттар мен магистранттар Bolashak «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Миратұлы Құсмановпен кездесті.
Кездесу барысында университеттің жеке құрамымен шетелдік тағылымдамалар өткізу аясында «500 ғалым» жобасы бойынша мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік» ретінде ғылыми зерттеулердің басым бағыты бойынша үміткерлерді іріктеу Ережелері туралы.