logo

Әскери ант қабылдау


Әскери ант қабылдау

2024 жылдың 15 маусымында Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-ғылыми взвод пен күзет және қамтамасыз ету ротасының жас толықтырушылардың ант қабылдаудың қасиетті рәсімі өтті.

Әскери-ғылыми взводқа еліміздің жетекші азаматтық жоғары оқу орындарын өзекті мамандықтар бойынша бітірген жоғары білімі бар жастар іріктелді.

Маңызды және жауапты міндет күзет және қамтамасыз ету ротасының жас толықтыруларына жүктеледі. Оның басты міндеті университеттің ішкі тәртібін, жеке құрамын, қару-жарақ пен әскери техникасын, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын қорғау, өткізу режимін бақылауды жүзеге асыру болып табылады.  

Салтанатты іс-шараның соңында мерзімді қызметтің әскери қызметшілері қонақтарға дефиле мен қоян-қолтық тәсілдерін ұсынды.