logo

Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясының Ұлттық қорғаныс университетіне сапармен келуі


Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясының Ұлттық қорғаныс университетіне сапармен келуі

2025 жылдың 4 ақпанында Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары А. Гурбановтың бастауымен Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс министрлінің делегациясы Ұлттық қорғаныс университетіне сапармен келіп кетті.

Сапар барысында қонақтар университеттің негізгі тапсырмалары мен ұйымдық құрылымымен, сондай-ақ, Әскери ғылыми-зерттеу орталығымен, ІРБІС зертханасының, ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жұмысымен, университеттің ғылыми-техникалық саласындағы басқа да жетістіктерімен танысты.

Тараптар Әзірбайжанның Ұлттық қорғаныс университеті және ҚР Ұлттық қорғаныс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде әскери білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа мүдделігін растады.