logo

ҰҚУ-дың қашықтықтан оқытылған магистранттары қорытынды аттестациядан өтуде


ҰҚУ-дың қашықтықтан оқытылған  магистранттары қорытынды аттестациядан өтуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алатын екінші курс магистранттарының қорытынды аттестациясы өткізілуде.

Түлектердің теориялық және практикалық дайындығының кәсіби міндеттерін орындауға сәйкестік деңгейін тексеру үшін магистранттар кешенді мемлекеттік емтихан тапсырып, магистрлік диссертацияны қорғауы керек.

– Қорытынды аттестаттау бітірушілердің университетте оқытылатын оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі. Оны тапсырғаннан кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы оларға «магистр» дәрежесін беру туралы шешім қабылдайды», – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы полковник Нұрлан Ибраев.

ҰҚУ-да қашықтықтан оқыту 2016 жылдан бастап қолданылады. Осы уақыт ішінде осы оқу түрі бойынша университет 94 магистрантты дайындады. Қорытынды аттестаттау 2022 жылғы 15 шілдеде аяқталады.