logo

Ұлттық ұланның оперативтік өнер және тактикасының заманауи жағдайдағы маңызды проблемалары


Ұлттық ұланның оперативтік өнер және тактикасының заманауи жағдайдағы маңызды проблемалары

2022 жылдың 17 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан факультетінің құрылғанына 12 жыл толды.

 Бұл күні, сағат 10.00-де Ұлттық ұлан факультеті Ұлттық қорғаныс университетінде «Ұлттық ұланның оперативтік өнер және тактикасының заманауи жағдайдағы маңызды проблемалары» атты тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Конференцияға Ұлттық қорғаныс университетінің факультеттері мен кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Басқолбасшылығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери Академиясының офицерлері, басқа құрылымдық күштер оқу орындарының, Шекара қызметінің, Төтенше жағдай министрлігінің, Ресей Федерациясының (Мәскеу қаласындағы) Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің, тағы басқаларының өкілдері белсенді қатысты.

Конференцияда қатысушылар арасында келесі бағыттар бойынша белсенді пікір алмасу болды:

  • оперативтік өнер және тактикасының заманауи жағдайдағы маңызды проблемалары;
  • Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын қамтамасыз етудегі жаңа жағдайлар мен  нақты жағдайлардағы қамтамасыз ету сұрақтары бойынша;
  • патриотизмдік тәрбие, оның нысандары, түрлері мен әдістері, тәрбиелеу бағыттары, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы моральдік-психологиялық дайындыққа қол жеткізу жолдары талқыланды;
  • әскерлер мен әскери қызметкерлердің дайындығын арттыру: проблемалары мен перспективаларын талқылау;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын жаңа қауіптер мен сын-қатерлерді ескере отырып ғылыми-теориялық даму жолдарының негіздері қарастырылды.

Конференцияға қатысушы магистрант, подполковник Мирас Досмуқанов «Конференция жұмысына қатысу бізге ауқымды іс-шараға қатысу тәжірибесін алуға ғана емес, сонымен қатар өзіміздің магистерлік жобамызды дайындау кезінде қолдануға болатын білім алуға мүмкіндік береді деген ойдамын» – деп өз пікірін айтты.