logo

Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерінің салтанатты шығарылуы


Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерінің салтанатты шығарылуы

    Бүгінде Қарулы Күштердің, басқа да  әскерлері мен әскери құралымдардың қатары еліміздің ең беделді әскери оқу орнында білім алған жоғары білікті офицерлермен толықтырылады. Биылғы оқу жылында университеттің 150-ден астам түлегі, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің әскери қызметшілері – 20 адам (Тәжікстан Республикасы – 16 адам, Қырғыз Республикасы – 4 адам) теориялық оқытудың толық курсынан сәтті өтіп, мемлекеттік аттестаттау комиссиялары алдында үздік білімдерін көрсетті. Барлық түлектерге Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежесі берілді.

Салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант С. Камалетдинов, Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Станбекұлы Дюшекеев, Тәжікстан Республикасының Әскери атташесі генерал-майор Фозил Файзи мен күш ведомстволарының өкілдері қатысты.