2025 жылғы 12 ақпанда Ұлттық қорғаныс университеті мен Satbayev University арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Ұлттық қорғаныс университетінің атынан құжатқа университет бастығы генерал-майор А. Д. Мұстабеков, Satbayev University тарапынан – ғылым және корпоративтік даму жөніндегі Проректор Е.И. Кульдеев мырза қол қойды.
Меморандум ғылым, технология және білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайды. Өзара іс-қимыл бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға, әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мүддесінде инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікті дамытуға ерекше назар аударылатын болады, бұл елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін озық цифрлық құралдарды жасауға мүмкіндік береді.
Меморандумға қол қою озық технологиялардың қорғаныс және қауіпсіздік жүйесіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, азаматтық және әскери ғылымдар арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды.